Вс. Ноя 24th, 2024

Туған анасын іздеген Мұрат Савельев (Жәнібек) өзін асырап алған бельгиялық анасы Валеримен сөйлесіп, оны Қазақстандағы достарымен байланыстыратынын айтты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

«Валери, қайырлы күн! Жүздеспегелі көп болды. Қазақ еліндегі достарымның сізге біраз сұрағы бар. Өзіңізді көрсек дейді. Келесі аптада сұрақ / жауап ұйымдастырсақ бола ма?», – деді ол Валериге.

«Жарайды, сенің достарың маған сұрағын қоя алады. Қарсы емеспін!» – деп жауап берді анасы.

«Керемет, Қазақ елі сізбен танысады. Келесі аптада жүздесеміз», – деп сөзін аяқтады Жәнібек.


Дереккөз: Inbusiness.kz