Чт. Май 9th, 2024

Қауіпсіз орындарға мың адам көшірілді, оның үштен бірі балалар

Қазақстанның табиғи апатпен күресі екінші аптаға созылып келеді. Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Ақмола, Атырау, Қостанай облыстарында ауылдарды су басып, адамдар үйлерінен көшірілді.

Уақытша көшіру орындарына бір мыңдай адам жайғастырылды, үштен бірі балалар.

Халық малынан айырылып, мүлкі бүлініп, енді біреулер тіпті үйлері тұруға жарамай, тасқыннан кейін далада қаламыз ба деп шошып отыр.

Осындай халқымыз үшін күрделі сәтте Qazaq Oil компаниясы қарап қалмай, үнсіз отыра алмай, су тасқынынан зардап шеккендерге көмек деп және ел өңірлеріндегі апаттың салдарын жоюға септігіміз тисін деп 150 миллион теңге қаражатты аударып жіберді. Қазақстанға көмектеспесе, оның несі қазақстандық компания болар еді?

Қараптан қарап түксіз қалған, өмірі көмір болған отандастарымыз бен жазықсыз балалар үшін тезірек бұрынғыдай өмірін қалпына келтіріп беру керек. Qazaq Oil тарапынан бөлінген ақша тура сол мақсатқа жұмсалады.

«Табиғи апатқа душар боп қалған отандастырымыз тезірек үйлеріне оралып, айылырған мүлкінің орнын толтырып, бұрынғы өміріне тез арада оралып алсын деп тілейміз«, делінеді компанияның хабарламасында.

Фото: gov.kz, ТЖД, © Ratel.kz / Ақмарал Шаяхметова.


Дереккөз: Ratel.kz