Пт. Ноя 22nd, 2024

Сондай-ақ, филиалдың бас маманы да қолға түсті.

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Жезқазған филиалының басшысы мен бас маманы қала тұрғындары мен шаруашылық субъектілерінен 70-тен 300 мың теңгеге дейінгі мөлшердегі заңсыз ақшалай сыйақыларды бопсалаған, деп хабарлайды  inbusiness.kz сайты агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Олар бұл қаражатты газды қосу рұқсатын және техникалық шарттарды жедел алу үшін талап еткен.  

Өңірдегі газдандыру саласындағы жүйелі проблемалар ҚМА Ұлытау облысы бойынша Департаментінің әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізуі нәтижесінде анықталды. 

Облыс прокуратурасының үйлестіруімен өткізілген жедел іс-шаралардың нәтижесі бойынша сотқа дейінгі тергеу тіркелді. 

Аталған тұлғаларға қатысты «қамауда ұстау» бұлтартпау шарасы таңдалды.

Тергеу жалғасуда. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жариялауға жатпайды. 

«Егер сіз өкілеттіктерді теріс пайдалану, қаражатты жымқыру немесе басқа да экономикалық құқық бұзушылықтар фактілері жайлы білсеңіз, «АФМ Insider» телеграм ботына хабарлауыңызды сұраймыз.

Анонимділікке кепілдік беріледі», делінген ҚМА хабарламасында.


Дереккөз: inbusiness.kz