Пн. Ноя 25th, 2024

Нысанға күрделі жөндеу жүргізілмек.  

Әлеуметтік желіде Астанадағы Қазақ ұлттық өнер университетінің ғимаратына қатысты бейнежазба тарады. Онда нысанның бұзылып жатқаны айтылған. ЖОО басшылығы осыған қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

«Шабыт» Шығармашылық үйінің апатты жағдайына байланысты және ғимараттың жай-күйі жөніндегі мемлекеттік органдардың жұмыс комиссиясы жүргізген зерттеу негізінде, комиссия күрделі жөндеу жүргізу қажеттігі туралы шешім қабылдады. Осыған байланысты қазір ғимаратта қайта жөндеу жұмыстары жүріп жатыр», — деп жазылған ЖОО таратқан хабарламада.

Ал оқу орнының сайтында университет басқа ғимаратқа көшіріліп жатқаны туралы жазылған.

«Құрметті студенттер, түлектер және университет қызметкерлері!

Университеттің жаңа ғимаратқа көшуіне байланысты құжаттарды тапсыру 2023 жылдың 7 тамызынан бастап Абай 47 мекенжайы бойынша жүргізіледі», – деп хабарлады ЖОО.


Ақпарат көзі: inbusiness.kz