Ол Испаниямен өткен ойында 7 сәтті сейв жасады.
Осылайша, Кабо-Верде қақпашысы Возиньяның Instagram парақшасындағы оқырман саны 50 мыңнан 5,5 миллионға дейін көбейіп отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.
– Мен бұл күнді өмір бойы армандадым. Біз осы сәтті ұзақ күттік. Командадағы әр ойыншы барын салды. Испанияның әлемдегі ең үздік құрамалардың бірі екенін білдік, сондықтан бұл нәтиже – біз үшін ерекше қуаныш, – деді ол ойыннан кейін эмоциясын жасырмай.
Еске салайық, әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі матчта ол испаниялықтардың бірнеше қауіпті соққысын қайтарып, әлемдік футбол жанкүйерлері мен журналистерінің назарына ілікті.
Дереккөз: inbusiness.kz