Вс. Май 5th, 2024

Мысырдың Луксор қаласында қазақстандық үш университет қатысқан беделді IT-олимпиаданың әлемдік финалы өтті. Бұл байқауға қатысу студенттерге дүние жүзіндегі ірі IT-компанияларда мансабын бастауға мүмкіндік береді.  The International Collegiate Programming Contest байқауы (ICPC) 14-19 сәуір аралығында өтті. ҚБТУ студенттері 2022 жылы 60 команданы жеңіп, финалға шыққан болатын. Биылғы жылы байқауға 50-ден астам елден 840 үміткер, 170 университет қатысты.

18 жыл ішінде ҚБТУ командасы  2006, 2011, 2012, 2013, 2018, 2019, 2022-2023 жж. финалға қатысты. Биыл чемпионат өзінің 47 жылдық тарихын атап өтеді. Осы уақыт ішінде ICPC бүкіл әлемнен келген жас студенттердің мансаптық дамуындағы маңызды кезең болды. Қазақстандық қатысушылар жыл сайын өздерінің бәсекеге қабілеттілігін дәлелдеп, халықаралық аренада айтарлықтай жетістіктерге жетуде. Олимпиадаға қатысқан көптеген қазақстандықтар қазір Google, Microsoft, Booking.com, Facebook және т.б. компанияларда жұмыс істеп, дүние жүзіне қызмет көрсетуде.

Қазақстан-Британ техникалық университеті 170 командадан 74-ші орынды ие болып, қазақстандық жоғары оқу орындарын басып озып, үздік 100 команданың қатарына енді. Биылғы финалда команда құрамында Дінмұхамед Тұрсынбай, Назарбек Алтыбай, Аманбол Қанатұлы, Әлімжан Аманов және де команда жаттықтырушысы, оқытушы, Ақпараттық технологиялар және инжиниринг мектебінің үйлестірушісі болды.

Сондай-ақ, Harbour Space Universitу Barcelona Campus командасының құрамында қазақстандық қатысушы Батр Сардарбеков тарихта тұңғыш рет  алтын медаль алды. Батр Сардабеков KBTU Open 23 Fall байқауының бірлескен авторы болды.

Ұйымдастырушылар атап өткендей, ICPC жеңімпазының негізгі факторы — командалық рух. Олимпиада ережесі бойынша әр команда үш оқушыдан тұрады. Қатысуға жоғары оқу орындарының студенттері, сондай-ақ бірінші курс аспиранттары жіберіледі. Олимпиаданың туры келесідей өтеді: әр командаға компьютер және бес сағат ішінде  ағылшын тілінде жазылған сегізден он екіге дейінгі тапсырмалар беріледі. Командалар C, C++, Java, Python немесе Kotlin бағдарламалау тілдерінде шешімдерін жазып, бағдарламаларды теріп, құрастырады және оларды тестілеу серверіне жібереді. Кім 5 сағат ішінде ең дұрыс шешілген есептерді шығарса, сол жеңімпаз атағын алады.

Команданың финалға қалай дайындалғаны және жарыс барысы туралы ақпараттық технологиялар және инжиниринг мектебінің оқытушысы, команда жаттықтырушысы Әлімжан Аманов бөлісті:

«Біз жыл бойы дайындалдық, күн сайын ICPC форматындағы оқу контексттерін шештік. Олимпиадаға қатысушылардың көбі мектептен дайындала бастайды, информатиканы оқиды… 2024 жылғы финалда Ресей мен Қытайдың өте мықты командалары болды – олар финалда жеңіске жетті. Қазақстандық командалар арасында біз  3 университетпен онын ішінде AITU, NU, IITU бақ сынадық. Олимпиада барысының өзі қиын болды: бірінші жарты сағатта (5 сағаттан) ешкім ештеңе тапсырған жоқ (онлайн табло бар, онда кім қандай есептерді, қанша және нені шешкенін көруге болады). 1 сағатта 4 қазақстандық команданың ешбірі есепті шығармады. AITU жаттықтырушысы Темірлан екеуміз уайымдадық. Есептер қиын болды, бірақ соңында олар 4-5 есепті шеше алды. Алайда есептер жинағының өзі теңгерімсіз болып шықты: 36-80-орын алғандардың әрқайсысы 5 есеппен аяқталды. Яғни, алтыншы — қазірдің өзінде қиынырақ. Мен өзім үшін не түсіндім? Тапсырмаларға қарап, жігіттеріміздің деңгейін салыстыра отырып, біз келесі жолы ICPC финалында жүлделі орындарға ие боламыз».

ICPC финалы жылына бір рет өткізіледі, ал аймақтық іріктеу жыл бойына өтеді. Қазақстан солтүстік Еуразия аймағының бір бөлігі – ең қиын аймақ, өйткені қазақстандық студенттер Ресей, Беларусь, Кавказ және Орталық Азияның ең мықты университеттерімен бәсекеге түседі. Айтпақшы, биыл 2024 жылғы финал Астанада өтеді, оған ҚБТУ командасы дайындықты бастап кетті.


Дереккөз: inbusiness.kz