Вс. Май 5th, 2024

Түркістанда еліміздің жоғары оқу орындарының үздік ғылыми қызметкерлері мен оқытушылары марапатталды.

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің айтуынша, «Үздік ғылыми қызметкер-2023» байқауына 307, ал «Жоғары оқу орындарының үздік оқытушысы-2023» республикалық байқауына қатысу үшін 768 үміткерден өтінім түскен.

Жоғары оқу орындарының үздік ғылыми қызметкерлері мен оқытушыларын марапаттау рәсіміне Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек қатысып, көпшілікті көктемнің алғашқы мерекесі – Алғыс айту күнімен құттықтады. Одан кейін Жоғары оқу орындарының үздік оқытушыларын марапаттады. Биыл бұл құрметке еліміздегі 43 жоғары оқу орнынан 150 оқытушы лайық деп танылды.

Солармен қатар, ҚБТУ Химиялық инженерия мектебінің оқытушысы Кожабеков Серік Самсалыкович және Қолданбалы математика мектебінің оқытушысы Жандаулет Елдос Жандаулетұлы 2023 жылғы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» беделді марапатының құрметті иегерлерінің бірі болды.

Олардың әрқайсына 2 мың АЕК көлемінде сыйақы мен арнайы төсбелгі берілді.  

Саясат Нұрбек, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі:

— Биылғы жылдың ерекшелігі Қазақстанның түкпір-түкпірінен, әр ЖОО-нан, әр ғылыми зерттеу институтынан ең мықты, жемісті әрістертерімізді жинадық. Мақсатымыз бүгінгі алғыс күні, көктемнің алғашқы күнінде ғылымға, білімге үлес қосып жатқан әріптестерімізге министрліктің және өзімнің атымнан алғыс білдіргіміз келді.


Дереккөз: 24.kz