Ср. Май 8th, 2024

Қандастарға берілетін квота саны артады.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың 2023 жылға арналған өңірлік квотасын белгілеу туралы» бұйрыққа өзгерістер әзірледі, деп жазады inbusiness.kz.

Бұйрық жобасына қоса берілген анықтамада көрсетілгендей, жергілікті атқарушы органдардың қажеттілігіне байланысты қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың 2023 жылға арналған өңірлік квотасы қайта бөлінеді. 

Құжатқа сәйкес, қандастарды қабылдаудың 2023 жылға арналған өңірлік квотасының саны – 2287 адам (бұған дейін 1925 адам). Ал қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасы – 6592 адам (бұған дейін 6727 адам).

Бұйрық жобасын жария талқылау «Ашық НҚА» порталында 15 қыркүйекке дейін жалғасады. 


Ақпарат көзі: Inbusiness.kz