Чт. Май 9th, 2024

28 маусым – Құрбан айттың алғашқы күні.

90 шақырымнан астам жерге сапарға шыққандарға құрбандық шалу міндетті емес, деп жазады inbusiness.kz.

ҚМДБ жариялаған ақпаратқа сәйкес, адам нәпіл ретінде құрбандық шалса, адам сауапқа кенеледі.

«Жолаушы айт күндерінің демалысын пайдаланып немесе басқа да себептерге байланысты сапарлап барған жерінде құрбан шалуына рұқсат етіледі. Оның сапарға шыққаны құрбан шалуына және құлшылығының қабыл болуына кедергі болмайды. Жолаушы сапарда жүріп құрбан шалып, айт күндері бітпей жатып үйіне қайтса, оған екінші рет құрбан шалу міндетті емес», — делінген ақпаратта.

Сондай-ақ айт күндерінің басында тұрғылықты болып, кейін айт күндерінің ішінде сапарға шықса да оған құрбан шалу міндеттелмейді. Ал егер айттың бірінші күні сапарда болып құрбан шалмаса, кейін айт күндері үйіне қайтса, құрбан шалуы тиіс.


Ақпарат көзі: Inbusiness.kz