Пн. Окт 7th, 2024

Өскемен мен Мәскеу, сондай-ақ Өскемен мен Новосібір арасындағы әуе қатынасы тоқтатылуы мүмкін.  

Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарымен кездесуде ҚР Көлік министрі Марат Қарабаев мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

«Әуе кемелерінің тапшылығына байланысты біздің әріптестеріміз, атап айтқанда «Сибирь» («S7 Airlines») авиакомпаниясы жақын арада рейстерді тоқтатуға мәжбүр. Отандық Qazaq Air компаниясында да тура сол жағдай», – деді ол.

Ведомство басшысының айтуынша, рейстер қазан айынан бастап тоқтауы мүмкін. 

«Мүмкін басқа авиакомпанияларды қосамыз», – деді Қарабаев республиканың Көлік министрлігі әуе қатынасын сақтау үшін бар күшін салатынын алға тартып.


Дереккөз: Inbusiness.kz