Чт. Июл 25th, 2024

Тергеушілердің айтуынша, полиция генералы қызметтік міндетін атқару кезінде қылмыс жасаған.

Талдықорған полициясының басшысы әйелді зорлады деген күдікпен ұсталды, деп хабарлады Жетісу облыстық ІІД.

«Талдықорған қалалық полициясының басшысы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол облыс орталығының 27 жастағы тұрғынын зорлады деген күдікке ілінді. Қылмыстық кодекстің 120-бабы 2-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды), делінген хабарламада. 

Ішкі істер министрлігінің орталық аппараты тергеуді ерекше бақылауға алды.

Айта кетейік, Талдықорған қалалық ІІБ бастығы қызметін генерал Марат Күштібаев атқарған.


Дереккөз: Inbusiness.kz