Ср. Май 8th, 2024

Келтірілген шығын көлемі 3,6 млрд теңгеден асады.

Бас прокуратураның үйлестіруімен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлерімен Грузия аумағында 2020 жылдың наурыз айынан іздеуде жүрген күдікті Қазақстан азаматы  ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Бас прокуратураға сілтеме жасап.

Ол қаржы пирамидасын құрған және оған басшылық жасады деп айыпталуда, келтірілген шығын 3,6 млрд теңгеден астам құрады. 

Қылмыстық іс бойынша 600-ден астам жәбірленуші өтуде. 

Қазіргі уақытта оны экстрадициялау мәселесі шешілуде. 


Дереккөз: inbusiness.kz