Dasco Capital және Halyk Finance компаниялары Қазақстандағы киноөндірісті қаржыландыру және дамыту үшін құрылған инвестициялық қорға инвестиция тарту мақсатында өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды.
Меморандумға сәйкес, Halyk Finance өз қаражатын инвестициялауды және клиенттеріне Tolqyn Film Fund OEIC Ltd., мүмкіндігін ұсынуды жоспарлап отыр. Аталған қорды Dasco Capital басқарады.
Меморандум Halyk Finance пен Dasco Capital Ltd. арасындағы ынтымақтастықтың негізгі шарттарын, соның ішінде күтілетін инвестиция көлемі мен жобаны іске асыру мерзімдерін айқындайды.
Halyk Finance және оның клиенттерінің Tolqyn киноқорына салатын инвестициялары биржалық ноталарды (ETN) шығару және орналастыру арқылы жүзеге асырылатын болады, олардың базалық активі Tolqyn киноқорының үлестік пайлары болмақ.
Tolqyn Film Fund – Қазақстандағы толықметражды көркем және анимациялық фильмдерді қаржыландыруға арналған алғашқы венчурлық қор. Қор коммерциялық жоғары жобаларға инвестиция салуға бағытталған. Tolqyn қорының мақсатты көлемі – 5,5 млрд теңге.
Қорда инвестицияларды қазақстандық және халықаралық киножобалар портфелі бойынша бөлуге негізделген «голливудтық» венчурлық қаржыландыру моделі қолданылады. Алдағы 2,5 жылда 15–20 жобаға инвестиция салу жоспарланған. Сонымен қатар, қордың 30%-ы халықаралық нарықтардағы бірлескен кинопродакшенге бағытталады.
Фильмдерді іріктеу үш кезеңнен тұрады: Тұрақты питчинг, Қысқа тізімді (шорт-лист) тәуелсіз Advisory Board қарастыруы, Қордың Инвестициялық комитетінің түпкілікті шешім қабылдауы.
Қордың басты мақсаты – фильмдердің прокатынан, дистрибуциясынан және киноөндірісіне қатысты өзге де көздерден табыс алу.
Tolqyn қорының басқаруында тәжірибелі команда жұмыс істейді. Қор директоры – танымал продюсер Эрнар Құрмашев, ал креативтік продюсер – талантты режиссер Қуаныш Бейсек. Олардың шығармашылық жолында 15-тен астам фильм, оның ішінде «Дәстүр», «Каникулы off-line», «Районы», «Бизнесмены» сияқты сәтті жобалар бар. Сондай-ақ, Қуаныш Бейсек танымал «Ирина Қайратовна» музыкалық тобының клиптерінің бас режиссері болған.
Advisory Board құрамына кино және бизнес саласындағы беделді мамандар кіреді: Арманжан Байтасов, Елена Ларионова, Давид Туғанов, Ораз Керейбаев, Эльдар Жаймин.
Dasco Capital компаниясының CEO-сы, Инвестициялық комитеттің төрағасы Дармен Садвакасов атап өткендей:
«Меморандумға қол қою – киноөндірісті венчурлық қаржыландыруды дамытудағы маңызды қадам. Біздің ынтымақтастығымыз креативті индустрияға салынатын инвестицияларды әртараптандыру мен олардың тиімділігін арттыруға бағытталған. Біз қазақстандық киноның мүмкіндікке жоғары прокаттық пен жарқын болашағына сенеміз».
«Біз қазақстандық киноның өсу қуатына және даму перспективаларына сенеміз.
Halyk Finance өз қаражатын Tolqyn киноқорына инвестициялауды жоспарлап отыр, сондай-ақ өз клиенттеріне ETN шығару және орналастыру арқылы осы қорға қатысу мүмкіндігін ұсынады. Бұл қаржы құралдарының базалық активі Tolqyn киноқорының үлестік пайлары болмақ.
Біздің ойымызша, киноөндірісті венчурлық қаржыландыру әдісін қолдану инвесторларға қарқынды дамып келе жатқан және тартымды қазақстандық кино секторының бір бөлігі болуға мүмкіндік береді. Осылайша, бұл жоба біз және біздің клиенттер үшін инвестициялық тұрғыдан тартымды мүмкіндік қана емес, сонымен қатар отандық киноиндустрияға қолдау көрсетуге арналған маңызды бастама», – деп атап өтті Halyk Finance Басқарма төрағасы Фархад Охонов.
Tolqyn Film Fund АХҚО алаңында тіркелген және тек кәсіби инвесторлармен жұмыс істейді. Инвестициялық кезеңнің басталуы фандрайзингтің аралық жабылуынан кейін жоспарланған.
Барлық түпкілікті инвестициялық шешімдер Tolqyn киноқорының Инвестициялық комитетімен бірауыздан қабылданды.
Дереккөз: Dasco компанияның баспасөз қызметі