Вс. Окт 6th, 2024

Халықаралық өнер фестивалі Беларусьтің Витебск қаласында өтті.

Қазақстандық 12 жасар Шерхан Арыстан «Витебсктегі Славян базары» XXI халықаралық балалар музыкалық байқауының гран-приін жеңіп алды, деп жазады inbusiness.kz. 

Жас орындаушыға марапатты Беларусь Президенті Александр Лукашенко тапсырды.

Байқаудың екі күнінде де қазылар алқасы Шерхан Арыстанның өнерін жоғары бағалады. Отандық жас әнші барлық қарсыласынан оқ бойы оза шауып, 140 ұпай жинады. Бірінші күні ол Андреа Бочелли, Дэвид Фостер және Эми Фостердің «Ama, Credi e Vai» композициясын орындады.


Ақпарат көзі: inbusiness.kz