Пт. Ноя 22nd, 2024

Қазақстан мен Франция екіжақты байланысты өзара нығайтпақ.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Қазақстанда жаңа қазақ-француз университеті ашылатынын айтты, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

«Бүгін мемлекет басшылары  Қазақстанда қазақ-француз университетін ашу мәселесін қарастырады. Оқу орны Қазақ-Неміс университетіне ұқсастық бойынша құрылады. Біз осы мәселені зерттейтін топ құрамыз», деді Саясат Нұрбек Ақордада.

Сондай-ақ, ол қазақстандық тарап Францияның мықты университеттерін тарта отырып, өңірлік университеттер жанынан ғылыми-зерттеу бөлімдерін ашу мүмкіндігін талқылайтынын айтты.

«Франция университеттерінің делегациясы келді, бүгін Алматыда Қазақстан-Франция ректорларының форумы басталады», деді ол.


Дереккөз: inbusiness.kz