Сб. Ноя 23rd, 2024

Ел құрамасы рейтингте бірден төрт саты жоғарылады. 

Қазақстан ұлттық құрамасы Халықаралық футбол қауымдастықтарының федерациясы (ФИФА) жариялаған рейтингінде жоғарылады. Жаңа рейтинг 2023 жылдың 21 қыркүйегінде шықты. Жаңартылған рейтингтер кестесінде Қазақстан төрт позицияға көтеріліп, 100-орынға жайғасты.

21 қыркүйекте жарияланған ФИФА рейтингі:

1. Аргентина – 1851,41 ұпай;

2. Франция – 1840,76;

3. Бразилия – 1837,61;

4. Англия – 1794,34;

5. Бельгия – 1792,64;

6. Хорватия – 1747,83;

7. Нидерланды – 1743,15;

8. Португалия – 1728,58;

9. Италия – 1727,37;

10. Испания – 1710,72;

…100 . Қазақстан -1206,94.

Өзгерістер алғашқы ондықта да орын алғанын айта кетейік. Португалия сегізінші орынға көтеріліп, Италияны тоғызыншы орынға ығыстырды. Үздік үштік өзгеріссіз қалды. Рейтингті қазіргі әлем чемпиондары, Аргентина құрамасының ойыншылары бастап тұр. Екінші орында француздар, үшінші орында бразилиялықтар. Қазақстан 2016 жылы рейтингте ең жоғары орынды иеленді. Ол кезде біздің команда кестеде 86-шы орында болды.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы қыркүйекте Еуро-2024 іріктеу кезеңі аясында екі ойын өткізді: алғашқы кездесуде Финляндияға есе жіберсе (0:1), екінші ойында ұлттық құрама Солтүстік Ирландия командасын 1:0 есебімен жеңді. Алты турдан кейін рекордтық 12 ұпай жинаған Қазақстан қосымша көрсеткіштер бойынша Финляндиядан (12 ұпай) артта қалып, топта төртінші орынға жайғасты. Словения мен Дания көш бастап тұр (әрқайсысында 13 ұпайдан). Қазақстан құрамасы Еуро-2024 іріктеу кезеңіндегі келесі екі матчын сырт алаңда өткізеді. Магомед Әдиев шәкірттері 14 қазан Дания және 17 қазан Финляндия құрамаларына қарсы ойнайды.


Ақпарат көзі: inbusiness.kz