Сб. Ноя 23rd, 2024

Сот отырысына Сатыбалдының өзі онлайн қосылды. 

Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында Қайрат Сатыбалдыұлы кінәсін толық мойындады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сот отырысында прокурор айыптау актісін жариялады. Сатыбалдыұлына ҚР Қылмыстық кодексінің 218-бабы, 3-бөлігі, 3-тармағы (Қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті заңдастыру) бойынша айып тағылды.

«Құрметті сот, толық мойындаймын», — деп жауап берді Қайрат Сатыбалдыұлы.

Сондай-ақ, ол айыптау актісінде көрсетілген сомалармен келісті.


Дереккөз: Inbusiness.kz