Пт. Ноя 22nd, 2024

Қазақстандық теннисші ITF сериясының турнирінде  дебюттік кездесуін өткізді.

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Польшаның Быдгощ қаласында ITF сериясының турнирінде жекелей сында дебюттік кездесуін өткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz sports.kz порталына сілтеме жасап.

Қазақстандық теннисші словакиялық спортшы Наталья Слабамен кездесу өткізіп, екі сетте 6:2, 6:2 жалпы есебімен сенімді жеңіске жетті.

Бұл кездесу турнирдің 1/16 финалы кезеңінде өтті. Келесі кездесуде қазақстандық тағы бір словакиялық спортшы Катарина Кузмоваға қарсы ойнайды.

Айта кетейік, қазіргі уақытта 23 жастағы Құламбаева WTA (Әйелдер теннис қауымдастығы) рейтингінде 442-ші орында.


Ақпарат көзі: inbusiness.kz