Вт. Дек 3rd, 2024

Қосымша тепловизор от жағылған жерлерді жедел анықтап, онда мобильді топтар шақырылады.

Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті таулы-орманды жерлерде өрт қауіпсіздігін көпфункционалды дрон арқылы қадағалайды.

Айта кету керек, орманды алқабтың ерекше ландшафтына байланысты, таулы жерлерде өрт тек авиацияны жұмылдыру арқылы сөндіріледі.

Ұшқышсыз ұшу аппараттарының максималды жылдамдығы бір сағатта 81 км дейін болатын бірнеше жұмыс режимі бар.

«Ол көлденеңінен 8 км-ге дейінгі қашықтыққа ұшып, теңіз деңгейінен 6000 м биіктікке көтеріле алады, ауа-райына және тәулік уақытына қарамастан, жылу анықтау камерасымен жабдықталған дрондармен тауда жоғалып кеткен адамдарды  тез табуға болады. Зардап шеккендерге дәрі-дәрмектерді жеткізуді және құтқару тобын оқиға орнына қауіпсіз алып жүруді қамтамасыз етуге көмектеседі. Бүгінде ТЖД-да 3 дрон бар», – деп хабарлады департаментте. 

Жыл басынан бері тауда от жаққан 92 жеке тұлға жауапкершілікке тартылып, жалпы сомасы 5 млн теңгеден асатын айыппұл арқалады.