Пн. Окт 7th, 2024

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақтың кәсіби боксшысы Жәнібек Әлімханұлын WBO және IBF тұжырымдарынан әлем чемпионы атағы үшін германиялық Винченцо Гуальтиеримен өткен жекпе-жектегі жарқын жеңісімен құттықтады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Жәнібек қазақ бокс мектебінің жоғары деңгейі мен мықтылығын әлемге тағы да паш етті. Бұл жеңіс бокспен айналысатын жастарды биік белестерді бағындыруға ынталандырады. Сізге зор денсаулық, бақ-береке тілеймін. Жеңістен жеңіске жете беріңіз!», — деп жазды Мемлекет басшысы Twitter парақшасында.

Еске салайық, қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы германиялық Винченцо Гуалтьериді нокаутпен жеңіп, IBF нұсқасы бойынша әлемнің жаңа чемпионы болды.


Дереккөзі: tengrinews.kz