Чт. Май 9th, 2024

Бірақ әлі де мүмкіндік бар, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатына енді Ұлттар Лигасы арқылы шығуға болады. Ол үшін Грекияны ұту керек. 

Ойынға тоқталар болсақ, Қазақстан құрамасынан жарақатына байланысты Асхат Тағыберген, Бауыржан Исламхан, Михаил Габышев, Бахтиёр Зайнутдинов кездесуге қатыса алмады.

Алғаш болып есепті Словения ашса, Рамазан Оразов қайта теңестірді. Ойынның нүктесін 86-минутта словениялық Беньямин Вербич қойды. 

Ұлттық құрама қауіпті сәттер туындатқанымен голға айналмады. 

Осылайша, Қазақстан қарсыласына 1:2 есебімен есе жіберді.


Дереккөз: Inbusiness.kz