Пн. Окт 7th, 2024

Төрт ауданда 4 қыз жоғалды.

Отырар аудандық полиция бөліміне арызданған жергілікті тұрғын қызының үйінен белгісіз бағытқа шығып, хабарсыз кеткенін айтқан, деп хабарлайы Inbusiness.kz сайты.

Тәртіп сақшылары топ-топқа бөлініп, 16 жастағы қызды белгілері бойынша іздестірді. Жедел атқарылған шаралардың нәтижесінде кәмелетке толмаған жасөспірім Шымкент қаласындағы саяжайлардың бірінен табылып, үйіне қайтарылды. 

Сондай-ақ дәл осындай арызбен полиция көмегіне Сарыағаш ауданының тұрғыны жүгінген.

Ол да кәмелет жасына толмаған қызының колледждегі сабағына кетіп, қайта оралмағанын жеткізген.

Полицейлер 15 жастағы қызды Шымкент қаласындағы жалдамалы пәтерде таныс қыздарымен бірге жүрген жерінен тапты. 

Одан бөлек, Келес ауданында ауруханада ем алып жатқан 17 жастағы қыз көшеге шығып кетіп, қайта оралмаған.

Ал, Жетісайда 13 жастағы қыз жоғалған. 

Шұғыл іздестіру шараларын жүргізген тәртіп сақшылары келестік қызды Шымкент қаласында пәтер жалдап тұрған жерінен тапса, Жетісайлық жасөспірім саябақтардың бірінде жүрген жерінен үйіне қайтарылды.


Дереккөз: Inbusiness.kz