Ср. Май 8th, 2024

Заңсыз әрекеттен түскен қылмыстық кіріс көлемі 77 млн теңгеден асты.

Жаңаөзен қаласында заңсыз ойын бизнесімен айналысатын ұйымдасқан қылмыстық топтың жолы кесілді, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты ҚР ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қатысушылар ойынхананың тұрақты жұмыс істеуі үшін ойын ойнауға арналған компьютерлер балансын жүйелі түрде толықтырып, нысанның қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, заңсыз пайданы жинап, басқа да ұйымдастыру-басқару қызметтерін атқарған.

Тінту кезінде ойын ойнауға арналған құрылғылар: жүйелік блоктар, мониторлар, чек принтерлері мен сканерлері, теледидарлар, телефондар және қолма-қол ақша алынды.

Заңсыз әрекеттен түскен қылмыстық кіріс көлемі 77 млн теңгеден асты.

Тергеу жалғасуда. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер жария етуге жатпайды.


Дереккөз: inbusiness.kz