Вт. Ноя 26th, 2024

Слаломды есуден Қазақстан спортшылары Александр Куликов пен Екатерина Таранцева қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан спортшыcы Александр Куликов слаломды есуден үшінші орынды иеленді. Оның көрсеткіші — 97.04 секунд. Тұғырдағы алғашқы екі орынды Қытай мен Өзбекстаннан келген ескекшілер иеленді.

Дәл осы слаломда есуден Екатерина Таранцева да қола жүлдеге ие болды. Екатеринаның көрсеткіші- 111.71 секунд.

Алтын медаль Тайпей өкіліне бұйырды. Күміс жүлде қытайлық спортшының еншісінде.


Дереккөз: kaz.zakon.kz