Чт. Май 9th, 2024

Қытайдағы турнир 8 қазанға дейін жалғасады.

Бейжіңдегі (Қытай) WTA-1000 санатындағы турнирдің үшінші айналымында әлемнің 60-шы ракеткасы — ресейлік теннисші Мирра Андреева әлемнің бесінші ракеткасы Елена Рыбакинадан жеңіліп қалды.

Кездесу 2:6, 6:4, 6:1 есебімен қазақстандық спортшының пайдасына шешілді.

Ойын 1 сағат 51 минутқа созылды. Рыбакина бұл кездесуде он рет эйс жасап, екі қос қателікке жол берді және орындаған бес брейк-пойнттың төртеуін сәтті жүзеге асырды. Андрееваның есебінде екі эйс, екі  қос қателік және сәтті жүзеге асырылған үш брейк-пойнт бар.

Бейжіңдегі жарыстың келесі кезеңінде Елена Рыбакина Арина Соболенко (Беларусь) – Ясмина Паолинидің (Италия) бірімен ойнайтын болады. Қытайдағы турнир 8 қазанға дейін жалғасады.


Ақпарат көзі: inbusiness.kz