Вс. Май 26th, 2024

Өртті сөндіруге 36 адам және 9 бірлік техника жұмылдырылған.

2024 жылдың 26 сәуірінде «Семей орманы» мемлекеттік табиғи орман резерваты Бородулиха филиалының Дмитрев орман шаруашылығының мемлекеттік инспекторы орман өртін анықтады. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz cайты.

«Өрт орнына 7 бірлік өрт сөндіру машинасы мен орман күзетінің 11 адамы шықты. Өртті сөндіру жүргізілді. Бұдан әрі алгоритмге сәйкес өрт туралы хабарлама Абай облысының ТЖД-не берілді.

Өртті сөндіруге 36 адам және 9 бірлік техника жұмылдырылған», – делінген хабарламада.

Батпақты жер болғандықтан өрт орнына жету қиындаған.

Қосымша Семей қаласынан Абай облысы ТЖД күштері мен құралдары жеке құрамның 21 адамы және 6 бірлік техника жіберілді.

Өрттің ауданы нақтылануда.


Дереккөз: inbusiness.kz