Пн. Май 6th, 2024

Тағы бір қазандық келесі аптада іске қосылады.

Риддер ЖЭО-да орташа қысымдағы бірінші қазандық іске қосылды. Күн суытып, сәйкес температуралық режим қалыптасқаннан кейін жылу беріле бастайды.

Жөндеу жұмыстары аяқталған тағы бір қазандық келесі аптада іске қосылады.

– Біз №3-ші қазандыққа от жақтық. Отынға мазут қоспасын пайдаландық. Бұдан кейін ыстық сумен шаямыз да, оны ары қарай желіге жібереміз. – деді Риддер әкімі Дәулет Батырбаев.

Экрандар, бумен жылытқыштар және құбырлар жаңа болғандықтан, бұл көп уақытты алмайды.

Жүйе қызған соң қалаға ыстық су беріледі, алдымен әлеуметтік нысандарға, яғни балабақша, мектеп, ауруханаларға.

Күн суытып, сәйкес температуралық режим қалыптасқаннан кейін жылу беріле бастайды, бірінші кезекте әлеуметтік маңызы бар нысандар қосылады.

Сенімгер басқарушы,  «Риддер су арнасы» КММ басшысы  Константин Ханның мәліметі бойынша, келесі аптада тағы бір қазандық іске қосылмақ, бұл – орташа қысымдағы №1 қазандық агрегаты. Одан кейін – үшінші қазандық, яғни №2 қазандық агрегаты іске қосылады.

Оның айтуынша, Риддер ЖЭО-да отын жоқ деген қауесет таралып жатыр екен, бірақ бұл шындыққа жанаспайды.

— Бүгінгі таңда станцияда 20 күнге жететін көмір қоры және мазут қоры бар, — дейді Константин Хан.


Ақпарат көзі: inbusiness.kz