Пн. Май 6th, 2024

Қаладағы жылу мәселесі толық қашан шешіледі?

Риддер қаласының тұрғындар тағы да ыстық сусыз қалды. Кеше қалада жылыу қазандығы да тоқтатылған болатын. 

Жуықта «Риддер ЖЭО» АҚ-да іске қосылған орташа қысымды қазандық агрегаты қайтадан тоқтатылғаны туралы жазған болатынбыз. 

— Электр станциялары мен желілерін техникалық пайдалану ережесіне сәйкес, күрделі жөндеуден өткен жабдықтар іске қосылғаннан кейін 48 сағат ішінде сынақтан өтеді. Осыдан кейін қазандықтың әрбір бөлшегін егжей-тегжейлі тексеру үшін жоспарлы түрде оны өшіру қажет. Сол себепті №3 жылу қазандығы уақытша өшірілген, — деді Риддердегі «Су арнасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын директоры Константин Хан.

Оның айтуынша, ыстық сумен жабдықтау бүгін түстен кейін қайта басталады.

Сондай-ақ, қала әкімдігі жақын арада тағы бір орта қысымды қазандық іске қосылатынын хабарлайды. Күн суыта бастаса әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлер жылуға қосыла бастайды.


Ақпарат көзі: inbusiness.kz