Ср. Май 8th, 2024

Бұған ресейлік музыканттың Израиль әскерін қолдауы себеп болды.  

Актер, кинопродюсер Нұртас Адамбай Израиль әскерін қолдаған ресейлік әнші Андрей Макаревичтің Алматыда концерт өткізуіне қарсы шықты, деп жазады inbusiness.kz

Ресейлік музыканттың концерті 1 желтоқсанға жоспарланған.

«Андрей Макаревич өзінің Instagram парақшасында Израиль әскеріне сәттілік тіледі. Не үшін сәттілік? Палестинаның бейбіт тұрғындарын өлтіруде ме? Ол осыған дейін «оған мылтық берілмейтініне» өкініш білдірді. Демек өзі де бұл қылмысқа қатысуға қарсы болмағанының белгісі ме? Интернеттен 1 желтоқсанда Алматыда оның концерт беретінін көрдім. Жеке өзім оның елімізге келуіне қарсымын. Мұсылмандарды өлтіруді қолдайтындарға Қазақстанда орын жоқ», — деп жазды Нұртас Адамбай.

Айта кету керек, Ресей Украинаға басып кіргеннен кейін әнші Андрей Макаревич Израильге қоныс аударған болатын. Ол Қырымның Ресейге қосылғанына қарсылық білдірген.


Дереккөз: inbusiness.kz