Ср. Май 8th, 2024

2 мың 365 көрермен сыяды.

Бүгін Алматыда Орталық Азиядағы ең үлкен HALYQ IMAX Kinopark 16 ашылды. Енді көрермендер киноны мөлдір таза лазерлік проекция мен 12 арналы жаңа аудио жүйе арқылы тамашалай алады, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Aport East сауда орталығында орналасқан кинотеатрда 16 зал бар. Бас-аяғы 2 мың 365 көрерменді сыйдыратын онда киноны кең әрі ыңғайлы орындықтарда отырып, көруге болады.

Көпқабатты үймен тең үлкен экран, әрбір орыннан көріністі айқын көруге мүмкіндік беретін жаңа HALYQ IMAX Kinopark 16. Биіктігі 14 метр, ал ені 25 метр болатын экраннан енді әлемдегі ең танымал режиссерлердің туындыларын көруге болады. Бүгін Алматыда елімізде ғана емес, Орталық Азиядағы ең үлкен HALYQ IMAX Kinopark 16 ашылды. Ол Құлжа тас жолы бойындағы Aport East сауда орталығында орналасқан. Айта кетейік, мұнда да еліміздегі ірі жобалардың 50 пайыздан астамын несиелендіріп жүрген Halyk bank қол ұшын созған.

«Бұл жоба ынтымақтастық аясында жүзеге асты. Өз саласында көшбасшы саналатын 3 ірі компания бірігіп, HALYQ IMAX KINOPARK-ты ашты. Мұндай лазерлі экраннан кино тамашалаудың өзі бір ғанибет. Оны көрермендер бағалай жатар. Ал киноға билеттерді Кино.кз-тен көріп қана қоймай, сатып алуға да болатынын айта кеткіміз келеді. Онда барлық кинотеатрларға және одан бөлек театр, концерттерге де билеттер табылады», — деді «Халық банкі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Нариман Мұқышев.

7 мың шаршы метрді алып жатқан кинотеатрдың IMAX залына бір мезетте 481 адам сияды. Ал 3 өлшемді әсері бар фильмдер үшін 3D форматы да қолжетімді. Бұл IMAX Halyk жобасы жалпы отандық кино нарығының дамуындағы жаңа белес болары сөзсіз, дейді жиналғандар.

«Бүгін біз үшін айтулы күн. Барша халық үшін қуанышты күн дер едім. Өйткені, мұндай үлкен лазерлі экран жоқ десе де болады. Алматыда ашылған бұл кинотеатр әлемдік деңгейдегі барлық стандарттарға сай келеді. Бұл Халық банк, Апорт Ист және кинопарк желісі, яғни 3 ірі компанияның коллобарациясы дер едім», — дейді Kinopark-Kinoplexx компаниясының PR-директоры Ерлан Бұхарбаев. 

Айта кетейік, Halyk Bank Апорт Ист ойын-сауық орталығының 80 пайызын қаржыландырған. Онда ең үлкен экранмен жабдықталған ең ауқымды кинотеатрдан бөлек, фудкортта 50 мейрамхана мен кафе бар. Оған қоса, 2 мың 500 орындық тегін автотұрақ қарастырылған.


Дереккөз: inbusiness.kz