Пт. Фев 23rd, 2024

Бұл туралы Маңғыстау облыстық Полиция департаменті хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты

Тағы бес адам ауруханаға түскен.

«21 қазан сағат 08:50-де 102 кезекші пультіне №7 шағын аудандағы үйлердің бірінен шақырту келіп түскен. Шақыртуға жедел-тергеу тобы шықты. Мән-жайды анықтау барысында пәтерден 2021 және 2022 жылғы кәмелетке толмаған балалардың мәйіті табылды», — делінген хабарламада.

Белгілі болғандай, жәбірленушілердің төменгі қабаттағы көршісі пәтеріне қандалаға қарсы дәрі сепкен. 

Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.

Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы ауруханаға жеткізілген балалардың бірінің жағдайы өте ауыр екенін мәлімдеді.


Дереккөз: inbusiness.kz