Чт. Май 9th, 2024

Олар қазандықтарды күрделі жөндеуге бөлінген ақшаны жымқырды деген күдікке ілінді.

ҚМА Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті Риддер ЖЭО-ның бұрынғы басшыларына қатысты алаяқтық фактісі бойынша істі тергеп жатыр, деп жазады inbusiness.kz Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Олар алдау және сенімді теріс пайдалану арқылы бөтеннің мүлкін жымқырып, аса ірі көлемде мемлекетке 4,1 млрд теңге залал келтірген деген күдікке ілінді. 

«Тергеу барысында ЖЭО жабдықтарының тозуы және жылу энергиясын берудегі бірнеше рет істен шығуына жөндеу жұмыстарын жүргізуге арналған қаражаттың жүйелі түрде ұрлануы себеп болғаны анықталды. 2018-2022 жылдар аралығында Риддер ЖЭО-ның бұрынғы лауазымды тұлғалары ғылыми-техникалық қызмет көрсету, қазандықтарға, жылу желілеріне және турбогенераторларға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін кәсіпорындармен жалған келісім-шарттар жасап, уәкілетті органға жалған есептер ұсынған», — делінген хабарламада.

Тергеу барысында қабылданған шаралар мен ҚР Премьер-Министрінің төрағалығымен Үкіметті демонополизациялау жөніндегі комиссия шеңберінде Риддердегі жылу энергиясын өндіру станциясын мемлекет меншігіне беруден келтірілген шығынды өтеуді қамтамасыз етті, оның құны шамамен 5,5 млрд теңгені құрайды. 

ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге деректері жария етілуге жатпайды.


Дереккөз: inbusiness.kz