Вт. Дек 3rd, 2024

Halyk-тың жаңа кепілдігі уақыт пен ресурсты үнемдеуге көмектеседі.

Мемлекеттік тендерлер саласы отандық кәсіпкерлердің көбі үшін бизнестің ажырамас бөлігі болып табылады. Тендерлерге қатысу қазақстандық кәсіпкерлерге бизнесті масштабтауға, портфельді әртараптандыруға, өзіне керекті орнын табуға және сенімді жеткізуші ретінде көрсетуге көмектеседі. «Мемлекеттік сатып алу» порталының ақпаратына сәйкес, соңғы екі жылда Қазақстанда 18 трлн теңгеге мемлекеттік сатып алу бойынша келісімшарттар жасалған.

Қазақстанда тендерлерге қатысу бойынша процестерді жеңілдету және автоматтандыру үшін Halyk бірегей және инновациялық өнім – міндеттемелерді орындаудың цифрлық бланкілік кепілдігін (Halyk БИО) жасап шығарды. Жаңа қызмет көрсетуде тендер жеңімпаздарына барлық шарттық міндеттемелерді орындауды жеңілдетеді. Сервис заңды тұлғалар үшін Onlinebank Halyk веб-нұсқасында іске асырылады.

“Onlinebank by Halyk компаниясының “Міндеттемелерді орындаудың цифрлық бланкілік кепілдігі” жаңа өнімі мемлекеттік мердігерлер мен қазақстандық кәсіпкерлер арасында тиімді логистиканы қалыптастыруға көмектеседі, — деп түсіндіреді Halyk транзакциялық бизнес департаментінің директоры Гүлсім Душатова. – Жаңа кепілдік тендерлердің барлық жеңімпаздарына жобаларын іске асыруды айтарлықтай жеңілдетеді, осылайша Қазақстанның бизнес-секторын кез келген деңгейде дамытуды ынталандырады”.

ҚР қолданыстағы заңнамасы бойынша мемлекеттік тендердің жеңімпазы Тапсырыс берушіге қажетті тауарларды, қызметтер мен жұмыстарды уақтылы жеткізу немесе орындау туралы кепілдік беруге міндетті. Бұл кезеңде жеңімпаздардың тек екі жолы болды: банкте несие желісін ашу немесе ақшаның жалпы сомасының 3% — тоқтатып қою. Егер кепілдік қою жайлы айтатыын болсақ, екі жол да қазақстандық кәсіпкерлер үшін қолайсыз және ауыртпалық болып туғызды.

Жаңа Halyk Bio өнімімен тендер жеңімпаздары қажетті кепілдікті тез және оңай ала алады. Мемлекеттік сатып алуда жеңіске жеткен кез келген ЖШС мемлекеттік тапсырыс берушіге небәрі 5-8 минут ішінде міндеттемелердің орындалуын қажетті қамтамасыз етуді растай алады. Осылайша, жақсы кредиттік және салықтық тарихы бар кәсіпкерлер уақытты ысырап етпей, мемлекеттік тапсырысты орындауды уақтында бастай алады.

Бүгінгі таңда міндеттемелерді орындаудың цифрлық бланкілік кепілдігі орындалу мерзімі бір жылдан аспайтын, бір кепілдіктің ең жоғары сомасы ЖШС үшін 30 млн теңгеге дейінгі шарттар бойынша беріледі. Кепілдікті шығару үшін комиссия кепілдік сомасына қарай әр клиент үшін жеке есептелетіні де маңызды, ал комиссияның ең төменгі сомасы 5 мың теңгені құрайды. Киберқауіпсіздік қағидаттарына сүйене отырып және алаяқтық схемаларды қоспағанда, тек бірінші басшы ғана кепілдікті ала алады.

Естеріңізге сала кетейік, бұл Halyk-тың мемлекеттік тендер саласындағы алғашқы бастамасы емес. 2022 жылы банк цифрлық бланкілік тендерлік кепілдіктерді (БТГ) іске қосты. Осы өнімнің арқасында тендерлерге қатысуға ниет білдірген кез келген кәсіпкер мемлекеттік сатып алулар мен «Самұрық-Қазына» сатып алуларына тікелей қатысуға тез және қарапайым кепілдік ала алады. Сонымен, екі жыл ішінде шығарылған кепілдіктер саны шамамен 28 есеге өсті.

БИО өнімі Halyk бизнес-клиенттерінің сұраныс негізінде құрылды, олар ЦБТГ артықшылықтарын жоғары бағалады. Өткен тәжірибе негізінде банк жаңа өнімді енгізді, осылайша мемлекеттік тендерлер саласын кәсіпкерлер үшін одан әрі автоматтандырылған және ыңғайлы етеді. Halyk жаңа инновациялық өнімдердің арқасында Қазақстандағы бизнес-сектор жаңа деңгейге көтеріледі деп күтеді.


Дереккөз: Newsdesk.kz