SME Banking Agency беделді ақпараттық-талдау агенттігінің сарапшылары «BUSINESS MOBILE BANKING 2024» зерттеу жүргізді, өңірдегі бизнеске арналған барлық (130+) мобильді қосымшалардың параметрлерін: AppStore және Google Play бағаларын, жүктеулер мен түсініктемелер санын, функционалдығын, нұсқаларын және т.б. бағалады.
Осы талдау нәтижелері бойынша Қазақстандағы бизнеске арналған мобильді банктер арасында Halyk Onlinebank қосымшасы көшбасшы болып танылды.
«Біз SME Banking Agency сарапшыларына Halyk қызметі мен заңды тұлғаларға арналған қызметтер мен өнімдерді дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалағаны үшін алғысымызды білдіреміз. Және де біздің Onlinebank қосымшамыз халықаралық сарапшылардың жоғары бағасына ие болды, бұл біздің жұмысымыздың сапасы мен танылуының көрсеткіші болып табылады. Банк командасы қолданыстағы сервистерді жақсарту және кәсіпкерлер үшін ыңғайлы және пайдалы өнімдерді енгізу бойынша үздіксіз жұмыс істеуде», – деп атап өтті Halyk Басқарма төрағасының орынбасары Дәурен Сартаев.
Onlinebank банкте, атап айтқанда, мобильді қосымшаның жұмысы үш негізгі қағида жатыр: Ол — қауіпсіздік, өнімдердің әртүрлілігі және қол жетімділік.
Сонымен қатар, Onlinebank қосымшасында Жеке кәсіпкерді оңай және тез тіркеуге, шот ашуға, салық декларациясын тапсыруға, төлемдер жүргізуге, цифрлық бланк кепілдігін алуға болады.
Дереккөз: Zakon.kz