Ср. Дек 4th, 2024

Кейінгі аптада 20 жағдай тіркелген.

Қостанай тұрғындары Гонконг тұмауын жұқтырды, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты alau.kz-ке сілтеме жасап.

Айта кетейік, эпидемиологиялық маусымда Қостанай облысында тұмаудың алғашқы жағдайлары анықталған. Олардың барлығы зертханалық жолмен расталған, яғни А түрі — Гонконг тұмауы. Бүгінде өңірде 25 науқас бар, олардың басым бөлігі облыс орталығында емделіп жатыр.

Санэпидбақылау департаменті өкілдері бұл маусымдық өсім екенін мәлімдеді.

«Тұмау асқынып кететіндіктен қауіпті саналады. Әсіресе, жүкті әйелдер, созылмалы аурулары бар адамдар, қарттар, және балалар үшін қауіпті», — дейді Қостанай облысы бойынша санэпидбақылау департаментінің бөлім басшысы Әйгерім Қалиева.

Биыл өңірде 85 мың адам тұмауға қарсы вакцина алған. Әйгерім Қалиеваның айтуынша,  айына 200-ден аса зерттеу жүргізіліп жатыр.

Тұмауға тән белгілері бар адамдарда бас ауруы, қалтырау және жоғары температура, бұлшықеттер мен буын ауруы, көз ауыруы, қатты әлсіздік байқалады.


Дереккөз: Inbusiness.kz