Пт. Окт 18th, 2024

Бұл туралы Еуропалық энергетика комиссары Кадри Симонс айтты.

2025 жылдың қаңтар айында келісім аяқталғаннан кейін Еуроодақ Украина арқылы жеткізілетін ресейлік газды алмастырмақ. Бұл туралы Кадри Симонс Люксембургте Еуроодақ энергетика министрлерімен кездесуден кейінгі баспасөз мәслихатында айтты, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

«Мен министрлерге Ресей мен «Нафтогаз» арасындағы келісімшартты аяқтауға дайын екенімізді жеткіздім, 14 миллиард текше метр ресейлік газды ауыстырудың нұсқалары жетерлік», – деп келтіреді оның сөзін Reuters. 

Саймонс ресейлік газды пайдалануды жалғастыруға «ешқандай негіз жоқ» екенін атап өтті. 

«ЕО ресейлік газсыз-ақ өмір сүре алады… Мұны (ресейлік газ – ред.) қажеттілік емес, саяси таңдау, әрі қауіпті шешім екенін анық айтқым келеді», – деді ол.


Дереккөз: inbusiness.kz