Пт. Ноя 22nd, 2024

Елена Рыбакинаның аустралиялық Айла Томляновичпен кездесуі техникалық жеңіспен аяқталды. Ойын өткен жоқ, Рыбакинаның қарсыласы жарысқа қатыспады, деп хабарлайды Zakon.kz.

31 тамыз күні таңертең Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина осы күндері Нью-Йоркте өтіп жатқан АҚШ-тың ашық турнирінің үшінші кезеңіне жекпе-жексіз өткені белгілі болды. Аустралиялық теннисші Айла Томляновичпен кездесу басталмай жатып аяқталды. Рыбакинаның қарсыласы жарысқа қатыспады.

Бұған дейін тағы бір қазақстандық теннисші Анна Данилина жарыстың бірінші кезеңінде жеңіске жеткен еді. Харри Хелиоваарамен бірге шыққан Данилина қарсыластары Николь Меликар (АҚШ) пен Мэттью Эбденді (Австралия) жеңді.


Ақпарат көзі: kaz.zakon.kz