Бұл бюджеттен жалақы алатын 370 мыңнан астам қызметкердің табысын арттыруға ықпал етеді.
Мұны Қазақстан халқына Жолдауында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
– Сонымен қатар, біз жалақының ең төменгі мөлшерін кезең-кезеңімен көбейте береміз. Мен Үкіметке ең төменгі жалақы мөлшерін 85 мыңнан 110 мың теңгеге дейін көтеруді тапсырамын, – деді Президент.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзінше, осы міндет келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап іске асырылады.
Дереккөз: inbusiness.kz