Пн. Окт 7th, 2024

Гранттар 47 бағыт бойынша беріледі.

Бұл туралы inbusiness.kz ҚР Үкіметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Президент Қ.Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында үш жыл ішінде резидентурада оқуға берілетін гранттардың жыл сайынғы саны 70 пайызға артатынын айтқан болатын.

Осылайша, 2023 жылы гранттар саны 70%-ға – 1500-ден 2500-ге дейін өсті.

Мамандар жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім берудің 47 бағыты бойынша дайындалады, оның ішінде негізгілері:

Акушерлік және гинекология – 214

Анестезиология және реаниматология – 200

Неонатология – 119

Терапия – 115

Жалпы хирургия – 98

Неврология – 92

Психиатрия – 88

Оториноларингология – 83  

Кардиология – 78

Офтальмология – 66

Жұқпалы аурулар – 63

Травматология-ортопедия – 62

Эндокринология – 55

Қалғандары – 1167


Ақпарат көзі: inbusiness.kz