Пн. Ноя 25th, 2024

Бұл өте қорқынышты, деді ол. 

Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман Бақытжан Байжановтың сот процесінде өзіне қысым жасалып жатқанын айтқаны туралы сөзіне пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz  сайты.

3 сәуір күні өткен сот отырысында Гастроцентрдің бұрынғы директоры Бақытжан Байжанов сот отырысында Қуандық Бишімбаевтың қысым көрсетіп жатқанын айтқан болатын.

Осыдан кейін Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назим Қаһарман Instagram желісіндегі парақшасында өзіне де қысым жасалып жатқанын хабарлады.

«Жалғыз оған ғана емес, маған да қысым көрсетіп жатыр! Бұл өте қорқынышты. Сот Бақытжанды Қуандықтан бөлек отырғызады деп сенемін», — деп жазды Назым Қаһарман. 


Дереккөз: Inbusiness.kz