Чт. Май 9th, 2024

Бүгін спорттың 11 түрі бойынша 38  медаль сарапқа салынады.

Қытайдың Ханчжоу қаласында XIX Азия ойындарының жарысы жалғасып жатыр: бүгін спорттың 11 түрі бойынша 38  медаль сарапқа салынады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Бүгін спорттық гимнастика, крикет, велоспорт, семсерлесу, садақ ату, ескек есу, скейтбординг, дзюдо, жүзу, таэквондо мен ушу бойынша финал ойындары өтеді.

Қазір Азия ойындарында 20 алтын медаль олжалап үлгерген ҚХР көш бастап тұр. Екінші орында – Оңтүстік Корея командасы болса, үшінші сатыда Жапония тұр. Қазақстан әзірге 10-орында тұр.

23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында Ханчжоуда өтетін XIX Азия ойындарында спорттың 61 түрі бойынша 481 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Қазақстан құрамасы спорттың 30 түрі бойынша жүлдеге таласады.


Ақпарат көзі: Inbusiness.kz