Ср. Май 8th, 2024

Ханчжоуда (Қытай) өтіп жатқан 2023 жылғы Азия ойындарында қазақстандық дзюдошылар Әбибә Әбужақынова мен Мағжан Шамшадин құрама қоржынына жүлделер салды. Осының арқасында еліміз жарыстың алғашқы күні жүлделік есепте оныншы орынға көтерілді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Әбужақынова 48 келіде күміс иеленсе, Мағжан 60 келіде қола жеңіп алды. 

Қазіргі таңда Қазқастан құрамасы Иран және БАӘ-мен бір деңгейде тұр. Абсолют көшбасшы Қытай — 30 жүлде (20 алтын, 7 күміс, 3 қола). Екінші орында 14 жүлдемен Оңтүстік Корея (5 алтын, 4 күміс, 5 қола). Ал үздік үштікті Жапония түйіндеп тұр: жапондарда да 14 жүлде (2 алтын, 7 күміс, 5 қола).


Ақпарат көзі: Vesti.kz