Вс. Окт 6th, 2024

Әлеуметтік нысандар – балабақшалар, мектептер, ауруханалар әкімдіктің қаулысын күтпей жылыту жүйесіне қосыла алады.

Астана қалалық отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы отын-энергетикалық ресурстар бөлімінің басшысы Мақсат Есмағұлов елордада жылыту маусымы қашан басталуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

«Бізде жылыту маусымын өткізуге қатысты мәслихат қабылдаған ереже бар. Осы ережеге сәйкес, жылыту маусымын бастау туралы шешімді әкімдік қабылдайды. Егер қалада 5 күн бойы +10 және одан төмен градус салқын болса, онда әкімдік жылыту маусымын бастау туралы шешімін шығарады. Әзірше, мұндай параметр орын алған жоқ. Дегенмен, әлеуметтік нысандар – балабақшалар, мектептер, ауруханалар әкімдіктің қаулысын күтпей жылыту жүйесіне қосыла алады. Ол үшін мекемелер «Астанажылутранзит» АҚ-ына өтінім беруі тиіс», — деді Мақсат Есмағұлов Астана қалалық коммуникациялар қызметіндегі брифингіде.


Ақпарат көзі: inbusiness.kz