Отандық спортшылар үстел теннисінен Азия чемпионатын өткізуге дайындықты бастады.
Сары құрлықтың 27-біріншілігінде 25 елдің үздік спортшылары бақ сынайды. Дода 6-13 қазан аралығында Елордадағы Beeline Arena Ұлттық теннис орталығында өтеді. Үстел үстіндегі тартысты ойынды тамашалауға әлден қызығушылық танытып жатқан туристер аз емес.
Мәселен, Азия чемпионаты кезінде шығыстағы көршілеріміз көрермендер қатарын толықтыруға әзір. Қытайдың Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданының туризм және мәдениет басқармасы мен еліміздің үстел теннисі федерациясы бұл мәселені жан-жақты талқылады. Тараптар өзара ынтымақтастық туралы меморандумға да қол қойды. Құжатқа сәйкес, қытайлық көрермендер үшін арнайы туристік пакет әзірленбек.
Дереккөз: Inbusiness.kz