Ср. Апр 2nd, 2025 2:14:48 PM

Ұсталған подполковник жайлы Алматы полициясы ресми мәлімдеме жасады. 

Алматыда жасөспірімге азғындық әрекет жасамақ болған шекара бөлімінің лауазымды қызметкері ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Хабарламада Алматы қаласы Жетісу ауданының ПБ №28-74 шекара бөлімінің подполковнигі Нұрқадам Керімқұловтың педофилияға қатысы бар деген күдікпен ұсталғаны айтылған. 

«Бұл дерек бойынша Ішкі істер министрлігінің Оңтүстік өңірлік әскери тергеу басқармасы тергеу жүргізіп жатыр. Объектив мән-жайлар анықталып жатыр», — деп хабарлады Алматы полиция департаменті өкілдері.


Дереккөз: Inbusiness.kz