Пн. Ноя 25th, 2024

Қазір ол Астананың тергеу изоляторына қамауда отыр. 

Бүгін Сыртқы істер министрлігінің қолдауымен Бас прокуратура және ІІМ Интерпол қызметкерлері қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін алаяқтық жасаған Қазақстан азаматын Латвия Республикасынан экстрадициялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

2016 жылы күдікті бір топ адаммен бірлесіп жәбірленушіге өздеріне тиесілі емес пәтерді сатқан.

Сөйтіп сатып алушыға 12 млн теңге көлемінде залал келтірген.

Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, оған халықаралық іздеу жарияланған. Кейіннен ол Латвия аумағынан ұсталды.

Қазір ол Астананың тергеу изоляторына қамауда отыр. 

Аталған қылмысты жасағаны үшін мүлкін тәркілеп, 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.


Дереккөз: inbusiness.kz