Ср. Май 8th, 2024

IT саласындағы үздік инновациялық жобалар мен цифрлық технологиялар таныстырылатын оқушылар мен студенттер арасында «Steam fest «Digital Abai» облыстық IT – фестивалі өтті. 

Іс-шара өскелең ұрпақты ғылыми-техникалық шығармашылыққа баулу, оқушылар, студенттер мен педагогтердің үздік IT-шешімдерін анықтау, қолдау және тарату, жаңа инновациялық технологияларды ұсыну, педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылды.

Шараға Астанадағы CEO Yessen&Co өкілі Азат Есенов, «Нейрондық желілер орталығының» Promt-engineer Даниал Темирханов, Алматыдағы Developer Relations Coordinator for Google Developers (GDG CentralAsia) өкілі Аскар Айтуов,  Үндістандағы жасанды интеллектке негізделген техникалық өнім Asambhav менеджері  Shreya Mehta, Семей қаласындағы Freedom Broker компаниясының өңірлік директоры Абзал Аскаров, Abai IT-Valley технологиялық класстерінің директоры Бауыржан Наурызбаев, «Өнер» 3d баспа студиясының жетекшісі Анет Турсынжан, «DR.Web — Орталық Азия» техникалық директоры Артур Шишига шақырылды.

Жиынды Абай облысы әкімдігі аппаратының басшысы Жасұлан Сәрсебаев құттықтау сөзімен ашты.

«Бүгінгі it фестиваль облыста білім беруді цифрландыруды дамытуға құнды үлес қосатынына және ІТ бағыттың танымалдығының өсуіне ықпал ететініне сенімдімін”,-деді өз сөзінде озық жобаларды әрдайым қолдайтынын жеткізіп, фестиваль жеңімпаздарын марапаттады.

IT фестиваль қатысушылары қатарында IT компаниялар, жоғары оқу орындарының өкілдері, мектеп және колледж директорлары, оқушылар мен студенттер болды.

Фестивальда 8 сектор бойынша 90-ға жуық Startup жобалар таныстырылды. Жиын қатысушылары мен қонақтары «Күн жүйесі бойынша саяхатты», кеңейтілген интерактивте «Шынайы Сафари» өмірін тамашалай алды. 3D үлгілеу, спорттық бағдарламалау және робототехника бағыттары бойынша чемпионаттың, «Digital teacher» облыстық IT – хакатонның, «Қауіпсіз балалық шақ!» байқауының және фестиваль жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

«Startup жобалар» бағыты бойынша облыс әкімі грантына үміткер 13 қатысушы жобалары ұсынылды. Фестиваль аясында 20 қатысушы 1-орын, 19 қатысушы 2-орын, 18 қатысушы 3-орын иеленсе, Арнайы кубокты Семей қаласы, Жарма, Үржар аудандары командалары жеңіп алды.

Жеңімпаздарға Абай облысы білім басқармасының дипломдары мен бағалы сыйлықтар табысталды.

Айта кетейік, алғаш ұйымдастырылған “Digital Abai” IT фестиваліне облыс бойынша 2000-ға жуық қатысушы жиналды. Жасанды интеллектке негізделген ерекше форматтағы ұйымдастыру мен концерттік бағдарлама жиын қонақтары мен қатысушыларының көңілдерінен шықты.


Дереккөз: Inbusiness.kz