Пн. Окт 7th, 2024

Бұл туралы Ақтөбе облыстық білім басқармасы хабарлайды. 

26 қаңтар күні Ақтөбе мектептеріне бірінші ауысымда оқитын небәрі 8,5 мың оқушы келді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

«Ақтөбеде 119 мектеп бар, оның – 87-сі мемлекеттік мектеп. 26 қаңтарда бірінші ауысымда оқитын 57 924 оқушының 8 558-і сабаққа келді», — деп хабарлады облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, 25 қаңтар күні Telegram желісінде белгісіз адамдар Ақтөбе мектептерінде атыс жасаймыз деп үрей тудырған арнаны ашты. Ақтөбе облысының полиция басқармасы бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады.

Сондай-ақ, полиция қызметкерлері оқу орындарында қауіпсіздікті күшейтті.


Дереккөз: Inbusiness.kz