Ұлттық банктің 4 желтоқсанға арналған ресми бағамы – 503,89 теңге.
Алайда, кейбір ақша айырбастау орындарында доллар бағасы 500 теңгеден төмен түсті.
Бүгін Астана қаласындағы айырбастау пунктерінде доллар 505-506 теңгеден сатылып, 498-499 теңгеден сатып алынып жатыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Ал, Алматыда көк қағаздың құны 502-503 теңге болса, сатып алу орташа есеппен 499,99 теңгені құрайды.
Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы доллар бағамы салыстырмалы түрде бейтарап сыртқы фон аясында төмендеп жатқанын айтты.
Сәрсенбі сауда нәтижесінде доллардың теңгеге шаққандағы бағамы 503,63 теңге деңгейінде бекітілді (-4,33 теңге), бұл биыл мамыр айынан бері бірінші рет тіркелген көрсеткіш.
– Жоғары базалық мөлшерлеме, Ұлттық банк операциялары аясында шетел валютасын сату көлемінің көптігі, Қаржы нарығын бақылау субъектілері тарапынан тұрақты конвертациялар, резидент еместердің теңгелік активтерге артқан қызығушылығы және бір реттік ірі валюта сатулары USDKZT бағамын төменге итеруді жалғастыруда, – деп жазады сарапшылар.
Айта кетейік, осыған дейін Ұлттық банк келер жылы елімізде инфляция деңгейі жоғары болатынын жазған едік.
Дереккөз: inbusiness.kz