Соттың үкімі бойынша 40 сағаттық қоғамдық жұмыс тапсырылған.
Әнші Төреғали Төреәлі әлеуметтік желіде қолына сыпыртқы алып көше сыпырып, жапырақтарды тырмалап жүрген сәтінен видео жариялады.
Оның айтуынша, соттың үкімі бойынша 40 сағаттық қоғамдық жұмыс тапсырылған.
«Түске дейін бағана саябақта болдық. Енді осы жерді тазалап жатырмыз. Бұл менің тәуелсіз Отаным, тәуелсіз елім, тәуелсіз жерім, тәуелсіз Қазақстаным. Әлбетте, әнұраны, көк туы бар елдің міндетті түрде заңы болады. Ол заңның алдында барлығымыз бірдейміз. Оған бағынуымыз керек. Міне, ұлы дала баласы ұлы даланы «сыпырып» жатыр. Мұның еш әбестігі жоқ. Керісінше, тазалық сақтау сүннет. Өз жатқан-тұрған жеріңді таза ұстау, ертең ас ішетін ыдысыңды бүгін жуып қою деген тазалық. Ал тазалық иманнан емес пе?», — дейді әнші видеода.
Айта кетсек, 14 маусымда жол ережесін бұзған Төреғали Төреәліні полиция ұстаған болатын. Әнші өзін агрессивті ұстап, полицейлерге бағынбады, дөрекі сөйлеп, оқиға орынан кетуге тырысты. Сараптама нәтижесі бойынша, ол есірткі қабылдаған болып шықты.
Дереккөзі: Inbusiness.kz